17:20, 2 желтоқсан 2025
Астанада полицейлер алаяқтық дерегі бойынша күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға түнгі клубтардың бірінде болған. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті жәбірленушімен түнгі клубта танысып, арада сенімді қарым-қатынас орнатқан. Кейіннен өз танысын жалған сөзіне сендірген.
«Егер 800 мың теңге берсең, 10 көліктің біреуін ұтып аласын» деп алдаған.
Жәбірленуші уәдеге сеніп, сұраған соманы қолма-қол берген. Алайда біраз уақыттан кейін күдікті байланысқа шықпай қалған.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады, жәбірленушіге келтірілген 800 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды қайтарды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.






Leave a Reply