21:23, 25 ақпан 2026
Астанада 2026 жылдың 26 ақпанында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты 2026 жылғы 26 ақпанда бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», делінген қала әкімшілігі хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның оңтүстігінде 17 градус аяз болатынын хабарлаған болатын.






Leave a Reply