13:27, 12 қаңтар 2026
2026 жылғы 12 қаңтарда Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Себеп – астананы жайлаған қолайсыз ауа райы.
«2026 жылғы 12 қаңтардағы ауа райының нашарлауына байланысты 0-4 сыныптардың екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – делінген Астана Білім басқармасының дүйсенбі күні таратылған хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер Астанаға -27°С дейін қатты аяз келе жатқанын ескерткен болатын. 12 қаңтар түнінде астананы қарлы боран басты, сол себепті әкімдік тұрғындарға сақ болуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.






Leave a Reply