16:57, 22 тамыз 2025
Астана қаласы Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері ірі сауда үйлерінің бірінде орын алған ұрлық дерегін әшкерелеп, күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық ПД-нің мәліметінше, тергеу барысында 47 жастағы ер адамның дүкен сөресінен алкогольдік ішімдіктің жеті бөтелкесін жасырын алып кеткені, кейін оларды өзі тұтынғаны анықталды.
Қылмыстық әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел іс-қимылдың нәтижесінде құқық бұзушы полицейлердің қолына түсті.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп нақтылады полицейлер.
Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзу мен бөтеннің мүлкін иемдену — заңға қайшы әрекет және ол қылмыстық жауапкершілікке әкелетіндігін ескертеді. Әрбір құқық бұзушылық дерегі полицияның жіті бақылауында.
Бұған дейін елордада 25 талапкерді алдаған жалған делдал әшкереленгенін жазғанбыз.






Leave a Reply