Астанада «Бірлік жүгірісі 2025» іс-шарасы кезінде бірнеше көше жабылады


20:28, 30 сәуір 2025

Астанада 1 мамырда «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде көшелердің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың басталуы EXPO маңында өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінің учаскелеріндегі көлік қозғалысы мына кесте бойынша шектеледі:

  • 30 сәуірде сағат 20:00-ден бастап Түркістан көшесінде EXPO жанында арка орнату үшін;
  • 1 мамырда сағат 6:45-тен 10:00-ге дейін Ақмешіт, Түркістан көшелері EXPO-дан «Бәйтерек» монументіне дейінгі аралықта.

«Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және «Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл» ұранымен өтеді. Жарыстың мақсаты – Қазақстанның барлық этносын дені сау және ұйымшылдыққа деген біртұтас ұмтылысқа біріктіру. Іс-шараға ересектер де, балалар да шақырылады.

Жүгіру қашықтығы:

  • 1 км – балалар мен инклюзивті жүгіру;
  • 5 км – скандинавиялық жүріс;
  • 5 км – жаппай қолдау жүгіру іс-шарасы;
  • 10 км және 21,1 км – сертификатталған трассалар (жас бойынша санаттар);
  • 30 км – командалық эстафета (6×5 км, командада кемінде бір әйел).

Қатысушылардың жиналуы 1 мамыр күні таңғы сағат 05:30-да басталады. Таңғы 7-ден бастап жүгіру басталады. Іс-шара соңында қонақтар жүлделер ұтысын күтеді.

Бұған дейін Алматыдаңы жүгіру марафоны кезінде екі адамның көз жұмғанын жазғанбыз.