Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі


20:57, 10 желтоқсан 2025

Астана мектептерінде бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қақаған аязға байланысты 11 желтоқсанда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елорданың білім басқармасы 10 желтоқсанда хабарлады:

«2025 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады».

Бұған дейін синоптиктер қатты аяз болатын өңірлерді атаған болатын.