11:27, 27 ақпан 2026
Бүгін, 2026 жылғы 27 ақпанда Астанада кейбір екінші ауысымдағы оқушылар онлайн-оқытуға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Себеп – қолайсыз ауа райы.
«Ауа райының нашарлауы (температураның төмендеуі) байланысты 27 ақпан 2026 жылы 0-9 сыныптардың екінші ауысымдағы оқушылары қашықтық форматқа көшеді», – деп хабарлады жұма күні Астана Білім басқармасы.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттер де қашықтықтан оқытуға ауыстырылған еді.
Астанадағы 27-28 ақпан және 1 наурыз 2026 жылғы ауа райы туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.






Leave a Reply