Артық және қате төлемдерді қайтару ережелері өзгерді


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 2 сәуірдегі бұйрықпен артық немесе қате төленген әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлды қайтару қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші белгіленген үлгі бойынша өтініш тапсырады:

  • қағаз түрінде – Мемлекеттік корпорация арқылы;
  • электронды түрде – веб-портал арқылы.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталғанын немесе тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
  • шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның көшірмесі (910.00 нысаны).

Егер декларация болмаса, оның орнына мемлекеттік кірістер органдары берген салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме ұсынуға болады.

Сондай-ақ жиынтық төлем тапсырмасын толтыру талаптары жаңартылды.

Енді әрбір қатысушы бойынша міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс:

  • аты-жөні;
  • ЖСН;
  • әлеуметтік аударым сомасы;
  • төлем кезеңі (айы мен жылы).

Егер құжат қағаз түрінде рәсімделсе, төлем кезеңі қосымша «Төлем мақсаты» бағанында көрсетілуі қажет.

Бұл бұйрық 2026 жылғы 18 сәуірден бастап күшіне енеді.