Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қарашада Астанаға ресми сапармен келеді


19:26, 17 қараша 2025

Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 17 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

«Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады».

Бұған дейін Қазақстан мен Эстония президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені белгілі.