Аптаның соңына қарай саудада доллар бағамы аздап төмендеді


15:58, 18 сәуір 2025

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 18 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,28 теңгеге төмендеп, 521,90 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,42 теңгеге (+0,05) дейін көтерілді.

Қытайда мереке күні болғандықтан юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 520,9-523,5 теңге, еуро 592-597 теңге, рубль 6,31-6,45 теңге аралығында сатылуда.

Мұнай 18 сәуірде саудаланбайды.

17 сәуірде Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің бағасы 3,20%-ға өсіп, барреліне $67,96 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды сауда алаңында мамыр айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 3,54%-ға өсіп, барреліне 64,68 долларды құрады.

Жалпы, осы аптада Brent 4,94%-ға, WTI – 5,17%-ға қымбаттады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 523,2 теңге, еуроны 594,3 теңге, рубльді 6,38 теңге деп белгіледі.