Анна Стратан U20 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды


11:05, 21 тамыз 2025

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.

Шешуші белдесуде Стратан Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.