18:43, 28 қаңтар 2026
2026 жылдың 29 наурызынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейстер аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады.
Рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.






Leave a Reply