Алматы тауларында турист 3 400 метр биіктікте аяғын жарақаттап алды


21:58, 15 шілде 2025

15 шілде күні құтқарушыларға Медеу ауданындағы Альпинград тауы маңында туристің өздігінен төмен түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті – ер адам аяғын тайдырып алған. Геолокация анықталмағанымен, зардап шеккен адаммен байланыс үзілмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін министрліктің Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші тобы дереу жолға шыққан.

«Құтқарушылар алдымен Мыңжылқы шатқалына дейін 9 шақырым жолды еңсеріп, содан кейін таулы аймақпен жаяу көтерілуді жалғастырды. Олар 29 жастағы ер адамға жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті», — делінген хабарламада.

Құтқару операциясы сәтті аяқталды – турист 3400 метр биіктіктен аман-есен эвакуацияланды.