14:48, 26 ақпан 2026
Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы көңілді аландар фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 26 ақпанда қорық қызметкерлері мәлімдеді.
«Сирек кездесетін бұл кадрлар – табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәттер.Аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйренеді. Осы арқылы болашақта өз бетімен жеке тіршілік етуге бейімделеді»,- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, мамандар ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш екенін еске салды.
Бұған дейін Алматы тауларының етегінен бой көрсеткен қар барысы қайда кеткенін жазған болатынбыз.






Leave a Reply