15:16, 22 ақпан 2026
Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталуда. ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Cондай-ақ төтеншеліктер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылғанын нақтылайды.
«Таулы аймақтарға баруды жоспарлау кезінде қалыптасқан ауа райы жағдайларын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз», делінген ҚР ТЖМ-ның 2026 жылғы 22 ақпандағы хабарламасында.
Айта кетсек, синоптиктер 23 ақпанда қалада тұман болатынын, ал таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с дейін жететінін ескертіп, дауылды ескерту жариялады.
Төтеншеліктер 18 ақпанда да осындай ескерту жасап, алматылықтарды табиғи қауіптен құлақтандырған болатын.






Leave a Reply