Алматы полициясы түнгі клубтарды жаппай тексеріп, заңбұзушылықтарды анықтады


19:50, 22 шілде 2025

Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына рейд жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірлесіп, қаладағы бірқатар түнгі ойын-сауық орнына профилактикалық іс-шаралар өткізді.

«Тексеру барысында 190-нан астам адам, сондай-ақ осындай орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет ұйымдарының қызметі қаралды. Іс-шара барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің тарапынан олардың қатысуына жол берілу деректері тіркелді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзу және ұсақ бұзақылық деректері анықталып, олар бойынша әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы М.Пшанның айтуынша, түнгі ойын-сауық орындарының қызметін бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.

Барлық ойын-сауық орнынан азаматтардан келіп түскен шағымдар негізінде тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар тіркеліп, материалдар заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.