Алматы облысында 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған


16:31, 12 сәуір 2026

Алматы облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қауіпті химиялық зат – сынапты заңсыз сату бойынша мәміленің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша оның құқыққа қайшы мақсаттарда қолданылуының алдын алып, ауыр зардаптарға жол берілмеді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілді. Арнайы операция барысында 100 млн теңгеге бағаланған затты сату кезінде Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті бастығы Мейрам Әбікеев.