15:18, 15 наурыз 2025
Алматы облысында мамандар жабайы қабан үйірін суретке түсіріп алған. Бұл суретпен «Көлсай көлдері» ұлттық паркі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жабайы жануарларды бақылау және бейне тұзақтар (камералар) орнату — бұл экологиялық зерттеулер мен жануарларды қорғау жұмыстарында кеңінен қолданылатын әдіс. Мұндай бейне тұзақтар (немесе камера тұзақтары) жануарлардың мінез-құлқын, түрлерін және олардың мекендейтін аймақтарын зерттеу үшін орнатылады.
Бақылау жұмысын биолог-аңтанушы Арыстанов Серік, Тотыханов Бейсенбек жүргізді.
Суретте жеті жыртқыш жануар бір-бірінің ізін баса тау басында жайылып жүр.






Leave a Reply