Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы


11:44, 7 қаңтар 2026

Материалда ҚР Ұлттық Банкі жариялаған шетел валюталарының бағамдары, сондай-ақ Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы үш елдің валютасының (АҚШ доллары, евро, Ресей рублі) бағамдары көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 7 қаңтардағы жағдай бойынша, ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ресми валюта бағамдары: 1 АҚШ доллары – 512,83 теңге; евро – 600,58 теңге; Ресей рублі – 6,36 теңге; Қытай юаны – 73,43 теңге.

Уақытқа байланысты шетел валютасының бұл бағамдары өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сатып алып, сатушы тарап ретінде ақша айырбас орындары көрсетілгенін баса айта кетелік.

Астана

  • АҚШ доллары: сатып алу — 510 теңге, сату — 517 теңге.
  • Евро: сатып алу — 595 теңге, сату — 605,12 теңге.
  • Рубль: сатып алу — 6,10 теңге, сату — 6,45 теңге.

Алматы

  • АҚШ доллары: сатып алу — 513,84 теңге, сату — 517,44 теңге.
  • Евро: сатып алу — 598,89 теңге, сату — 605,57 теңге.
  • Рубль: сатып алу — 6,18 теңге, сату — 6,37 теңге.

Айта кетсек, Қазақстанда 5 қаңтардан бастап “Халық бухгалтері” акциясы басталады.