16:35, 23 тамыз 2025
Алматының Медеу ауданы»Горный гигант» ықшамауданындағы жеке тұрғын үйде шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт алдын-ала 1000 шаршы метр алаңда сөндірілді.
«Өртті сөндіру хабарламаның кеш жеткеніне байланысты қиындады: өрт сөндірушілер келген кезде өрт әлдеқайда ұлғайған еді. Қосымша қиындықтарды жалынның тез таралуына ықпал еткен жапсарлас салынған ғимараттардың құрылымдық ерекшеліктері тудырды», — делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, Алматыда «Горный гигант» ықшамауданында жекеменшік үй өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Zakon.kz тілшісінің айтуынша, оқиға орнындағы түтін бірнеше шақырымнан көрінеді.






Leave a Reply