Алматының коммуналдық қызметі жауын-шашын мен найзағайға толық дайын


Алматыда 5-6 сәуір аралығында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 сәуір таңынан 6 сәуір түнге дейін 14 мм-ге дейін жауын-шашын, 15-20 м/с екпінді желмен бірге найзағай күтіледі. Таулы аймақта қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Ықтимал су басудың алдын алу және салдарын жою мақсатында коммуналдық қызметтің, құтқару қызметі мен ТЖД-ның барлық техникасы әзір. 4200 қап құм дайындалған.

Су басуы мүмкін учаскеде түнгі уақыттан бастап ассенизатор машинасы мен мотопомпа жабдықталған бригадалар кезекшілік атқарады.

Сонымен қатар, жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басудың алдын алу және оларды жою үшін мотопомпалар мен арнайы құралдармен жабдықталған жедел бригадалар жұмыс істейді.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы