Алматының бір ауданында автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді


15:04, 27 ақпан 2026

2026 жылғы 1 наурыздан бастап Алматы қаласындағы Нұркент шағынауданында №84А автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 27 ақпанда қалалық көлік холдингінің Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеде айтылды.

Мәліметке сәйкес, маршрут «Алматы Арена» аялдамасынан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (ХҚКО) аялдамасына дейін ұзартылады.

«Бағыттың соңғы аялдамасы өзгеріссіз қалады», – деп нақтылады мамандар.

Сондай-ақ Алматыда 26 ақпаннан бастап №221 автобус бағытының қозғалыс сызбасы да өзгергені белгілі болды.