12:50, 28 қыркүйек 2025
Алматының «Қайрат» футбол клубы 2021 жылы өздерінің жас жанкүйерлерінің бірі әзірлеген плакаттың суретімен бөлісті. Онда 4 жыл бұрын жасөспірім «Қайрат» пен «Реалдың» кездесуін қиялдап, оны суретпен «cөйлеткен», деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қайрат» футбол клубының Instagram-дағы аккаунтында «Қайрат» пен «Реалдың» матчын тамашалауды армандаған, плакат ұстаған баланың суреті жарияланды.
2021 жылғы плакатта бала: «Чемпиондар лигасы аясында финалда «Қайрат» пен «Реал» кездеседі» деп жазды.
Сондай-ақ плакатта «Ешқашан болмайды деп ешқашан айтпа», — деп ағылшынша жазылған. Алматылық клуб бұл фотоның төрт жыл бұрын, 2021 жылы түсірілгенін нақтылайды.
«Біздің Рома есімді жанкүйеріміз командамызға сеніп артып, бұл плакатты 2021 жылдың жазында жасаған», — дейді клубтың баспасөз қызметі.
Бұл ретте желі қолданушыларының көбісі таңданысын жасыра алмай, тіпті Ромаға клуб аталған матчқа «VIP» орыннан орын ұсынып, арнайы шақырту жіберуі керектігін де айтыпты.






Leave a Reply