Алматыда 11 мың домбырашы бір мезетте күй орындамақ


21:45, 16 наурыз 2026

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурыз мерекесін атап өту аясында Білім басқармасы «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады.

Қаланың 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді.

Акция 17 наурызда сағат 13:00-де «Алматы Аренада» өтеді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл бастама Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ.