Алматыда түнде Асқаров көшесі жабылады


18:43, 28 тамыз 2025

Алматыда жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы қала тұрғындары мен қонақтарына Асқаров көшесінде қозғалысқа шектеу қойылатыны ескертілді,

Бұл туралы ақпарат Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланды:

«28 тамыз күні сағат 22:00-ден 29 тамыз сағат 06:00-ге дейін қозғалыс Садықов көшесінен Сайын көшесіне дейінгі аралықта толықтай жабылады», — делінген хабарламада.

Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген стендтер орнатылады.