13:50, 14 сәуір 2025
Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қалалық ҰҚКД әріптестерінің көмегімен тыйым салынған діни бірлестік өкілдерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесу мақсатында арнайы іс-шара жүргізді.
Бір топ адамдар заңға қайшы әрекет жасап, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді, соның ішінде цифрлық ақпарат құралдарында материалдарды таратқаны белгілі болды.
Жедел іс-шаралар барысында заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.






Leave a Reply