Алматыда тергеу изоляторына спирттік ішімдік өткізбек болған азамат ұсталды


12:23, 31 желтоқсан 2025

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №72 мекемесінің тергеу изоляторы жедел бөлім қызметкерлері режим және күзет бөлімімен бірлесіп, тұтқындағы күдіктіге 6 литр спирттік ішімдік өткізбекші болған әрекеттің жолын кесті.

Максим атты азамат ҚР ҚК-тің 194 бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша, яғни аса ірі мөлшерде қорқытып алу фактісімен ұсталған күдіктіге судың шөлмегіне спиртті ішімдік құйып өткізбекші болған.

Аталған факт бейнебақылауға тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды.