10:44, 26 ақпан 2026
2026 жылғы 25 ақпанда Алматы көлік холдингі оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына №221 танымал автобус бағытына қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарламада №221 маршруттың қозғалыс сызбасы ұзартылғаны айтылған. Осыған байланысты 26 ақпаннан бастап бағыттың жүру тәртібі өзгереді.
«Маршрут сызбасы: «Аурухана» аялдамасынан кейін автобус Алатау көшесімен «Жаңа құрылыс» аялдамасына дейін қатынайды», – делінген Telegram-арнада жарияланған ақпаратта.
Қайтар бағытта автобустар дәл осы сызба бойынша жүреді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 13 ақпанда Алматыда бірден 19 автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгеретіні белгілі болған еді.






Leave a Reply