15:24, 17 наурыз 2026
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтісінде ер адамның қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан әрекеті бейнеленген видео тарады.
Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, құқық бұзушының жеке басын анықтады.
Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полиция мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.






Leave a Reply