15:33, 23 қыркүйек 2025
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылу және ыстық су үшін берешегін өсімпұлсыз өтегісі келетін тұтынушыларға арналған «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз!» акциясының жалғасып жатқанын хабарлайды.
Науқан мерзімі шектеулі екенін еске саламыз, ол 2025 жылы 31 желтоқсанда аяқталады.
Акция басталған күннен бері 760-қа жуық борышкер осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді.
Акция аясында азаматтар өсімпұлдан арылып қана қоймай, мүліктеріне салынған шектеулер мен тыйымдарды алып тастауға, банктік шоттарын бұғаттан шеше алады.
Акцияға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы ақпаратты борышкер мына байланыс арналары арқылы ала алады:
- анықтама қызметі: 341-07-77,
- WhatsApp: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарлама қабылдайды),
- e-mail: [email protected],
- немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына тікелей жүгіну арқылы.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен байланыс деректері:
- «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» шағынауданы, 51-Б, тел.: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, e-mail: [email protected];
- «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шафик Чокин көшесі, 221-В, тел.: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, e-mail: [email protected];
- «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Төлебаев көшесі, 26, тел.: 341-05-32, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, e-mail: [email protected].
Ескерте кетейік, өсімпұл жылу мен ыстық су үшін берешек толық өтелген жағдайда ғана кешіріледі. Қарызын өтемеген тұтынушылар жылу жүйесінен ажыратылып, берешек сот арқылы өндіріледі.






Leave a Reply