19:42, 23 маусым 2025
Алматыда 2025 жылы 24 маусымда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін Шевченко көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс уақытша жабылады. Бұл аумақты Абылай хан даңғылы мен Наурызбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады.
BRT (Bus Rapid Transit — автобус жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
«Жөндеу жұмысы жүргізілетін учаскеге ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.
Бұған дейін де құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Желтоқсан көшесі жабылған болатын.





Leave a Reply