14:23, 26 желтоқсан 2025
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі жайлы қаланың полиция департаменті айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты орнынан түсірілген бейнероликті Instagram-дағы Almatinec_live парақшасы жариялады.
«Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесінде адамды қағып кетті», – делінген жазбада.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Әуезов ауданында 2025 жылдың 24 желтоқсанында сағат 22:00 шамасында болған.
«Chevrolet маркалы автокөліктің жүргізушісі Алтынсарин көшесімен оңтүстік бағытта, Абай даңғылының оңтүстігінде келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан 2008 жылғы қызды қағып кетті»,- деді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан қыз жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
«Апаттың мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтауда», – деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы нәрестелерге қандай есімдер жиі берілгенін жазғанбыз.






Leave a Reply