Алматыда жанып жатқан үйден 30 адам эвакуацияланды


19:41, 15 сәуір 2026

Алматыда Бостандық ауданында, Орбита-4 ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің балконы мен бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД күштері баспалдақ арқылы, құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, 4 адамды құтқарып, 30 адамды эвакуациялады, олардың 10-ы – балалар.

Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Жамбыл облысында екі оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатқанын жазғанбыз.