Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адам қаза тапты


Алматыда 1 мамырда түнде жол-көлік оқиғасынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Mercedes-Benz жүргізушісі Саин көшесі бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Осы сәтте, оның алдындағы іргелес бұрылыстан кенеттен басқа көлік шығып қалады.

Сурет: Zakon.kz

Апаттан қашпақ болған жүргізуші жылдам маневр жасап, рөлге ие бола алмай қалады. Осылайша, көлік тротуарға шығып, артынша аударылады.

Сурет: Zakon.kz

Алдыңғы орындықта отырған жолаушы салоннан терезе арқылы құлап кеткен болуы мүмкін. 1998 жылы туған ер адам жедел жәрдем келгенге дейін алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеді. Тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін Бразилияда әлемдегі ең қарт адам қайтыс болғандығы хабарланған болатын.