Алматыда ер адам дәмхана қызметкерлерін балағаттағаны қамалды


17:20, 24 сәуір 2025

Алматыдағы дәмханалардың бірінде 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтады және ұстады.

Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз», — деді Алматының Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.