Алматыда бір шартпен мұз айдындарында тегін сырғанауға болады


10:19, 18 наурыз 2026

Бүгін, 18 наурызда сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына тегін мұз айдынында сырғанау іс-шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатысудың басты шарты – ұлттық киіммен келу. Бұл туралы қаланың спорт басқармасы мәлімдеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматыда ұлттық киіммен мұз айдынында сырғанау алғаш рет өтеді.

Ерекше мерекелік кеш келесі мұз ареналарында өтеді:

  • «Алматы Арена»,
  • «Халық Арена»,
  • «Олимпик».

«Конькилерді өзіңізбен бірге алып келуге немесе мұз ареналарындағы жалға алу қызметін пайдалануға болады»,- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанда қандастарға 7 млн теңгеге дейін баспана көмегі берілетіндігін жазғанбыз.