Алматыда бір мезетте бірнеше бизнес-ғимараты жанып кетті


09:37, 26 қараша 2025

2025 жылғы 26 қарашада таңертең Алматы қаласының Сейфуллин даңғылында бірнеше бизнес-ғимараты қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер дерегіне сүйенсек, тілсіз жау жеке тұрғын үй аумағында ТҚКС, монша және дүкенді шарпыған.

112-ге зардап шеккендер жайлы ақпарат түспеген.

«Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтады»,- деп жазды Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астанада жоғалып кеткен жасөспірімнің мәйіті өзеннен табылғанын жазғанбыз.