17:39, 16 мамыр 2025
Алматыда 2025 жылдың 18 мамырында жүгіруден жарыс өткізілуіне байланысты кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаланың спорт басқармасының мәліметінше, BI Run қайырымдылық жарысына байланысты сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жарыс өтетін аумақта көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады.
Қозғалыс шектеулері: Бауыржан Момышұлы көшесінде (оңтүстік бағытта), Мөңке би көшесінен (BIGVILLE Arena city ТК) Almaty Arena-ға дейінгі учаскесінде бір автобус жолағы және жеңіл автомобильдерге арналған тағы бір жолақ жабылады.
Аталған бағыттағы қалған жолақтар штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Сондай-ақ Almaty Arena аумағындағы айналма көше де толығымен жабылады.
Бұл учаскеде 5 және 10 шақырым қашықтықта қауіпсіз жүгіру жарысы ұйымдастырылады.
Қазақстандық блогер Лондондағы жүгіруден өткен марафонға қатысып, содан кейін жағдайы нашарлап кеткен.






Leave a Reply