8 сәуірде Алматыда Тәтібеков көшесінде Бестужев пен Сырымбет көшелерінің аралығында №207 бағыттағы қалалық автобус пен Mazda 3 көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Тәтібеков көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Осы кезде Mazda оған қарама-қарсы жүріп келе жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Автобус жүргізушісінің айтуынша, Mazda көлігін айдаған ер адам телефонға қарап, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі жетті.
Сурет: Zakon.kz
Тек Mazda жүргізушісі ғана зардап шеккені белгілі болды.
Сурет: Zakon.kz
Айта кетейік, автобуста адам болмаған, жүргізуші жұмысын аяқтап, автопаркке бара жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.






Leave a Reply