Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс кестесіне уақытша өзгерістер енгізді


12:28, 25 тамыз 2025

Алматының ботаникалық бағы жұмыс кестесіне өзгерістер енгізді. Әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімдемеге сәйкес, 2025 жылғы 26 тамыз – санитарлық күн, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар айдың бірінші дүйсенбісі 1 қыркүйек демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты санитарлық күн 26 тамызға ауыстырылғанын жеткізді.

«Сейсенбі, 26 тамызда Ботаникалық бақ келушілер үшін жабық болады».Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі

Сондай-ақ, басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалатындығы атап өтілді.

«Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30».

Бұған дейін Қазақстанда жаңа күріш сорты шығарылғандығын жазғанбыз.