20:56, 14 мамыр 2025
3 шілде – 31 тамыз аралығында қазақстандық әуекомпания Алматы – Ыстықкөл бағытында ұшады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ұзақтығы — бар болғаны 55 минут.
Бейсенбі күндері:
• Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00
• Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00
Жексенбі күндері:
• Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10
• Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10
Билеттердің бағасы бір бағытқа «Комфорт» тарифтік топтамасы бойынша 24 000 теңгеден басталады.






Leave a Reply