Александр Бублик Italian Open турнирін жеңіспен бастады


Қазақстандық теннисші Александр Бублик Italian Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші Роман Сафиуллинді 6:3, 7:6(4) есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Бублик матч кезінде алты эйс жасап, үш қос қателік жіберді, жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Енді отандасымыздың келесі қарсыласы — Мадрид турнирінің чемпионы, әлемнің жетінші ракеткасы Каспер Рууд.