11:00, 16 наурыз 2025
Әлемнің 82-ракеткасы Александр Бублик Американың Финикс қаласында өтіп жатқан ATP 175 «Челленджер» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы жартылай финалда португалиялық теннисші Нуну Боржештен (36 ATP) 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.
Бублик матч кезінде 16 рет эйс пен төрт қос қателік жасады және алған брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Александр Бублик енді финалда бразилиялық Жоао Фонсекамен кездеседі.






Leave a Reply