Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


17:48, 11 ақпан 2025

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күн – 2025 жылғы 12-14 ақпан аралығында Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Астана мен Шымкент қалаларында 12-14 ақпанда күн суық болатынын, сынап бағаны -16°С аязды көрсетінін, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болатынын болжайды.

Астана

12 ақпан: аспан бұлтты, аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, күндіз — 9-14 м/с, күннің екінші жартысында — 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде: -14…-16°С, күндіз: -7…-9°С.

13 ақпан: аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -9…-11°С, күндіз: -3…-5°С.

14 ақпан: аспан бұлтты, күндіз қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -9…-11°С, күндіз: -3…-5°С.

Шымкент

12 ақпан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -4…-6°С, күндіз: +2…+4°С.

13-14 ақпан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -2…-4°С, күндіз: +3…+5°С.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.