11:51, 4 наурыз 2026
Синоптиктер Қазақстандағы алдағы үш күнге – 5, 6 және 7 наурыз 2026 жылға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, күнтізбелік көктемнің басталуымен еліміздегі ауа райы солтүстік-батыс циклондарының әсерінен қалыптасады.
«Алдағы күндері республика аймақтарының көбінде ауа райының тұрақсыз болуы күтілуде. Жаңбыр, қар жауады. 5–6 наурызда еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», – делінген болжамда.
Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша желдің күшеюі, мұз басу, тұман, ал солтүстік аймақтарда – боран болатынын хабарлады.
«Еліміздің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада, Алматы мен Шымкенттегі 4–6 наурыздағы ауа райы туралы толық ақпаратты мына жерден білуге болады.






Leave a Reply