Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады


21:53, 25 қараша 2025

Румынияның Клуж-Напока қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы болып қазақстандық Алан Құрманғалиев өнер көрсетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Аралас жұптық сайыста Құрманғалиев пен мысырлық Хана Года Пуэрто-Рико спортшылары Энрике Риос/Кристал Мелендес жұбын жеңді.

Кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттағанын хабарлағанбыз.