Алан Құрманғалиев Францияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды


Алан Құрманғалиев Францияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

🏓 Отандасымыз үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінің жеңімпазы атанды.

✅ Спортшы 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль иеленді.

🏆 Мец қаласындағы турнирде Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия) — 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) — 3:0, Ма Ёнминді (Корея) — 3:1, Флавио Мурьені (Франция) — 3:2, Ли Сынсуды (Корея) — 3:1, Юлиан Чиритуды (Румыния) — 3:1, Ян Хао-Дженді (Тайбэй) — 3:1 есебімен жеңді.