Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова қазақстандықтарға тағы да үн қатты


16:50, 18 қазан 2025

17 қазанда актриса әрі продюсер Дариға Бадыкова өзінің Instagram парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актрисаның айтуынша, оның продюсерлігімен түсірілген «Ыстық ұя» фильмі прокатта 1 миллиард теңге жинап, кассалық хитке айналған.

«Біздің фильм 1 миллиард жинады. Бұл жай ғана кино емес – бұл сезім, сағыныш, эмоция. Біз оны жүректерге жетсін, олар тірілсін деп түсірдік. Ол көптеген жүректі жылытты, мұз боп қатып қалған сезімдерді оятты. Бұл – басты жетістік. Миссия орындалды», – деп жазды Дариға Бадықова.

«Ыстық ұя» фильмі – продюсер ретінде танылған Бадыкованың екінші жобасы. Бұған дейін жарық көрген «Таптым-ау сені» фильмі де 1 миллиард теңге жинаған болатын.

Көпшілік бұл жетістікті актрисаның жеке өміріндегі даулы оқиғалардан кейінгі жеңісті оралуы деп бағалап отыр. Әлеуметтік желі қолданушылары:

«Дариға Бадықова жеке өміріндегі жанжалдан кейін кино әлеміне жарқын түрде оралды», – деп пікір білдіруде.