Қостанай облысында АИТВ-инфекциясын жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Alau.kz басылымының мәліметіне сүйенсек, оқиға жасөспірімнің анасы үйде болмаған кезде болған.
«Жәбірленуші ауыр дертке шалдығудан аман қалды», – деп нақтылады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Іс жабық сот отырысында қаралған. Қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін үш жасөспірімнің Шымбұлақ шыңындағы жартаста қалып қойғандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply