21:16, 28 наурыз 2025
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық арулар бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер күресінен 53 келі салмақта күш сынасқан Зейнеп Баянова үздіктердің үштігіне кіріп, Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салды.
Ол кіші финалда моңғолиялық спортшы Отгонтуя Чинболдты жықты.






Leave a Reply